Популярные тэги

Олигархтар Бурабайдағы мыңдаған гектар жерлерінен айрылды

Алатаудың етегінде, Каспий теңізінің жағалауында, Бурабай ұлттық паркінде орналасқан олигополиялардың жері мемлекет меншігіне қайтарылды.


12/01/2026
16:38 49 0

Ақша мен мүлік

 

Бас прокурор Берік Асылов ведомствоның 2025 жылғы жұмысын қорытындылады.

 

Оның айтуынша, 2025 жылы прокурорлар мемлекет мүдделерін 1,1 трлн теңгеден астам сомаға қамтамасыз еткен.

 

«Мемлекет пайдасына мемлекеттік қаражатты жұмсау, мемлекеттік сатып алу, қоршаған ортаны қорғау және жер қойнауын пайдалану, жерлерді ұтымды пайдалану және басқа да салаларда 470 млрд теңге көлемінде ақша қаражаты мен мүлік тәркіленді», - дейді ол.

 

Олигополияның жері

 

Мемлекет меншігіне Алатаудың тау етегінде, Каспий теңізінің жағалауында, Бурабай ұлттық паркінде орналасқан олигополиялардың жері, сондай-ақ жылдар бойы мақсатты түрде пайдаланылмаған қоғамдық жайылымдар мен өзге де алқаптар – ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің барлығы 800 мың гектар қайтарылған.

 

«Нәтижесінде бірқатар өңірлерде жайылым тапшылығы мәселесі іс жүзінде шешілді – прокурорлар ауылдық аумақтардың барлық тұрғындарына оларды пайдалану мүмкіндігі мен қолжетімділігін қамтамасыз етті», - деп мәлімдеді ол.

 

Экологиялық залалдар 

 

Президент бекіткен ішкі саясат қағидаттары мен «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында табиғат пайдаланушылармен келтірілген 25 млрд көлеміндегі экологиялық залал өтелді. Цифрлық технологияларды, ғарыштық мониторингті және жасанды интеллект элементтерін пайдалана отырып, прокурорлар экологтармен бірлесіп 3,8 мыңнан астам заңсыз қоқыс орындарын жойды.

 

Прокурорлық қадағалау актілері бойынша құрылыс салушылармен 300 мыңнан астам жаңа жасыл желектер отырғызылды.

 

Мемлекеттік шығындар

 

Өткен жылы прокурорлар жергілікті атқарушы органдардың шығыстарын оңтайландырып, 255 млрд теңге көлеміндегі қажетсіз мемлекеттік шығындардың жолын кескен.

 

Мәселен, Павлодар мен Атырауда жергілікті органдар арнайы техника мен пәтерлерді нарықтық бағасынан үш есе қымбат бағамен сатып алуды жоспарлаған. Прокурорлар бұл сатып алуларды тоқтатып, қаражат өзге әлеуметтік қажеттіліктерге және инфрақұрылымды жақсартуға бағытталыпты.

 

«Прокурорлардың өтінішхаттары мен наразылықтары бойынша 300-ден астам азаматтық және әкімшілік іс бойынша шешімдер қайта қаралды, оның ішінде мемлекет пайдасына 22 млрд теңге өндірілді», - делінген Асыловтың есебінде.

 

Айта кетейік, бұдан бұрын Алматыда 3,2 млрд теңгенің элиталық пәтерлері күштік құрылымдарға тегін берілгені туралы жазғанбыз.

 

Поделиться

Нет комментариев.

12/01/2026 16:38
49 0

Уведомление