Қазақтанда жүргізуші куәлігінен айырылғандар амнистияға іліге ме

Бұл сұрақ Мәжіліс кулуарында депутат Бақытжан Базарбекке қойылды, деп хабарлайды Masa.media.


20/03/2026
14:08 28 0

Бақытжан Базарбек жүргізуші куәлігінен айырылған азаматтардың амнистияға іліктіруді «екіұшты мәселе» деп атады.

 – Куәлігінен айырылғандардың ішінде өзін шын мәнінде зардап шеккен тараппын деп есептейтіндер бар. Бірақ бұл көлік екенін ұмытпауымыз керек. Адамдар мас күйінде көлік жүргізгені үшін жүргізуші куәлігінен айырылды. Сіздің балаларыңыз бен жақындарыңыз жаяу жүргінші болуы мүмкін, ал сол жүргізушілер қайтадан рөлге отыруы ықтимал. Бұл – үлкен қауіп, – деді Бақытжан Базарбек.

Депутат бұл мәселеге қатысты жеке ұстанымын айтты.

 

– Әкімшілік рақымшылық аясында жүргізуші куәлігінен айырылғандарға қатысты мәселе қаралады деп нақты айта алмаймын. Менің жеке ұстанымым – мен қарсымын. Тіпті мұндай азаматтардың саны көп болса да қолдамаймын, – деп қосты депутат.

 

Айта кетейік,  әкімшілік амнистия Қазақстанда алғаш рет жүргізілмек. Ал қылмыстық істер бойынша рақымшылық ел тарихында 14 мәрте жарияланған.

Поделиться

Нет комментариев.

20/03/2026 14:08
28 0

Уведомление