Популярные тэги

Аса ауыр санаттағы іс: Астанада Жанабыловтардың соты басталады

Бүгін Астанада танымал блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты сот басталады, деп хабарлайды Masa media.


13/03/2026
13:26 88 0

Істің мән-жайы

 

Астана сотының хабарлауынша,  алдын ала сот тыңдауы 13 наурыз сағат 15:00-де өтеді деп жоспарланған.

 

Ері-зайыпты блогерлердің үстінен заңсыз лотерея өткізу фактісі бойынша қозғалған әкімшілік іс 2025 жылдың 15 қыркүйегінде Астананың мамандандырылған ауданаралық сотында қаралған. Алайда кейін істе қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бар болғандықтан, Экономикалық тергеу департаментіне жолданды.

 

Үйқамақ

 

Бұған дейін блогерлердің үйқамаққа алынғанын хабарланған.

 

Қаржы мониторингі агенттігінің ақпаратына сүйенсек, Instagram әлеуметтік желісінде 15 миллионнан астам жазылушысы бар блогерлер өзіне тіркелгендердің сенімін заңсыз табыс табу мақсатында пайдаланған.

 

«2025 жылы онлайн-курс сату деген желеумен заңсыз схема ұйымдастырған. Ол «курстарды» сатып алғандар қымбат сыйлықтар ұтысына қатысатын болған. Таратылған видеоның басым бөлігі ашық дереккөздерден, соның ішінде YouTube платформасынан алынған. Бұл курстардың нақты білім беру құндылығы болмаған және олар заңсыз лотерея қызметін формалды түрде жасыру үшін ғана пайдаланылған», – дейді ведомстводағылар.

 

Тергеушілердің айтуынша, жүлде қоры жеке қаражаты есебінен емес, онлайн-курстарға ақы төлеп қатысқандардың ақшасы есебінен қалыптастырылған. Тергеу барысында электронды «сәттілік барабаны» параметрлерін өзгерту фактілері анықталған. Нәтижесінде 5 000 теңгелік жүлдені ұтып алу ықтималдығы жасанды түрде арттырылып, ал құнды жүлделерді ұтып алу мүмкіндігі едәуір төмендетілген.

 

 Аса ауыр санаттағы іс

 

Блогерлердің адвокаты Жасұлан Рахымғалиевтің мәлімдеуінше, ерлі-зайыптылардың әрекеті Қылмыстық кодекстің 214-бабының 2-бөлігі және 218-бабының 2-бөлігі бойынша сараланған.

 

218-бап, яғни қылмыстық жолмен алынған ақша мен мүлікті заңдастыру дерегі бойынша қозғалған іс аса ауыр санатқа жатады және бұл бап бойынша айыпталғанлар 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Поделиться

Нет комментариев.

13/03/2026 13:26
88 0

Уведомление