Сот полицияны «Назарбаевтың күшіктері» деп атаған белсендіге айыппұл салды

Оппозиционер бұл үкіммен келіспей, апелляцияға арыз бермек


15/09/2020
11:18 47308 0

Фото: exclusive.kz

 

14 қыркүйекте Астананың (Нұр-Сұлтан) аудандық соты белсенді Ербол Есхожинге полиция өкілдерін «Назарбаевтың күшіктері» деп атағаны үшін 80 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (222 240 теңге) айыппұл салды. Мұны Азаттық радиосы хабарлады.

 

Есхожин Қылмыстық кодекстің «Билік өкілін қорлау» деген бабы бойынша сотталды. Айыпталушы бұл үкіммен келіспейтінін, апелляцияға арыз беретінін айтты. 

 

Мен [айыппұлды] төлей алмаймын, одан да түрмеге қамасын. Судья адвокаттың «процестік уақыт өтіп кеткені туралы» дәйегіне «өзінің тікелей парақшасында айтты, оны қаншама халық естіді» деген уәж атты. Билік белсенділер қатары көбейіп кетеді деп сескеніп отыр. Бірақ адамдар бойындағы үрейден баяғыда арылған, — деді ол. 

 

Еске сала кетейік, биыл Астанада (Нұр-Сұлтан) Ербол Есхожин «саяси тұтқындарға бостандық берілсін» деп ұрандатып, наразылық акциясына шыққан еді. Сол кезде ол полиция өкілдерін «Назарбаевтың күшіктері» деп атады. Оппозиционер одан бұрын билік заңсыз деп таныған бірнеше бейбіт жиналысқа қатысып, сол үшін қамауға алынды.

 

Поделиться

Нет комментариев.

15/09/2020 11:18
47308 0

Уведомление