Сот Әлнұр Ілияшевтің апелляциялық шағымын қанағаттандырмады

Бұрын сот белсендіге 3 жыл бас бостандығын шектеу жазасын берген еді


15/09/2020
16:30 47630 0

Фото: Халықаралық амнистия

 

15 қыркүйекте Алматы қалалық соты Әлнұр Ілияшевтің апелляциялық шағымын қанағаттандырмады. Мұны Азаттық радиосы хабарлады.

 

Сот алқасы сіздің әрекетіңізде тағылған айыптың құрамы бар, кінәңіз айғақ ретінде жинақталған іс материалдарымен дәлелденген деген қорытындыға келді. Сол кездегі коронавирус ахуалын ескерсек, адамдар байбалам салып жатқан шақта жазбаларыңыз, әрине, теріс ықпал еткен. Сол себепті сіздің кінәңіз бар деген қорытындыға келдік. Бұған қоса, әрі қарай да күресе беремін деген ұстанымыңызды да ескердік. Сондықтан егер Жоғарғы сот және халықаралық ұйымдарға жазсаңыз да, ренжімейміз. Одан не шығатынын көрелік, — деді судья Бектемірова.

 

Әлнұр Ілияшев Facebook жазбаларында Nur Otan партиясын, сонымен бірге биліктің коронавирус пандемиясына қарсы қолданған шараларын сынаған. Ілияшев «көрінеу жалған ақпарат тарату» бабы бойынша айыпты деп табылып, оған 3 жыл бас бостандығын шектеу және қоғамдық қызметпен айналысуға 5 жыл тыйым салу жазасы берілген еді.

 

Халықаралық ұйымдар «бұл сөз бостандығын шектейді» деп, үкімнің күшін жоюға үндеді.

 

Поделиться

Нет комментариев.

15/09/2020 16:30
47630 0

Уведомление