Сайрагүл Сауытбай Нюрнберг адам құқығы сыйлығын алды

Бұрын ол АҚШ-тың «Батылдығы үшін» сыйлығын алған еді


02/03/2021
17:31 45646 0

Фото: bugin.kz

 

Дүниежүзіне Шыңжаңдағы лагерьлер туралы бірінші болып айтқандардың бірі Сайрагүл Сауытбай халықаралық Нюнберг сыйлығына ие болды. Мұны «Азаттық радиосы» хабарлады

 

— Нюрнберг адам құқығы сыйлығын табыстаушылар зерттеп, зерделеп бұл марапатты маған табыстағанын айтты. Хабарды естігенде қатты қуандым. Бұл марапатты маған сыйлаған Нюрнберг басшысы Маркус Кенигке, қала билігіне, бағалау комиссиясына алғыс айтамын. Бұл сыйлық басын қауіп-қатерге тігіп, адам құқығы үшін күрескен адамдарға беріледі. Сый екі жылда бір рет табысталады. Біздің күресіміз енді басталды. Батыс елдерінің қолдауының арқасында Қытайдың қылмысына ауыр соққы береміз деп ойлаймын, — деген Сауытбай «Азаттыққа». 

 

Марапатты табыстау рәсімі 15 мамырда Нюнбергте (Германия) өтуге тиіс. 

 

Сайрагүл Сауытбай — Қытайдың Шыңжаң аймағында туып өскен қазақ. Төрт жыл бұрын оны Қытай билігі «түзеу орталықтарына» қамауға алады. Онда ол бес ай болып, Қазақстанға өтем деп, екі ел арасындағы шекарадан заңсыз өткен еді. Қазақстан оған пана бермей, Сауытбай отбасымен бірге Швецияға көшуге мәжбүр болды. Былтыр АҚШ-тың «Батылдығы үшін» сыйлығын алды.

 

Қытай «түзеу» лагерьлерінде терроризмге бейім адамдарды қайта тәрбиелеп жатырмыз дейді. Бірақ онда отырып шыққандардың айтуынша, ондағы жағдай мүлдем басқаша. Сайрагул Сауытбай masa.media-ға берген сұхбатында лагерьлерде әйелдерге бедеу қылатын дәрі берілетінін, тұтқындарды «қараңғы бөлмеде» тоққа қосылған орындыққа отырғызып, тергеу жүргізетінін айтты. Оқи отырыңыз.

Поделиться

Нет комментариев.

02/03/2021 17:31
45646 0

Уведомление