Республикалық партия Дональд Трампты екінші президенттікке ұсынды
Ал вице-президенттіктен Майк Пенс үміткер
Фото дереккөзі: РИА Новости
Республикалық партия АҚШ президенті Дональд Трампты екінші президенттік мерзімге ұсынды. Бұны РИА Новости хабарлады.
Партия ішінде дауыс беру онлайн өткен. Онда Трампты үміткерлікке ұсынуға 1 276 делегат дауыс берген. Ал вице-президенттіктен қазіргі вице-президент Майк Пенстің үміткерлігін барлығы қолдаған.
Трамп сайлауға өз партиясы атынан қатысатынын 27 тамызда ресми түрде хабарлайды.
АҚШ президентін сайлау 3 қарашада өтеді. Дональд Трампқа Демократиялық партиядан Джо Байден қарсылас болмақ.
Нет комментариев.