Қазақстанда 130 этнос тұратыны рас па?

Ара-тұра жаңалықтардан «Қазақстан — 130-ға жуық этнос тұратын ел» дегенді естіп-көріп жатамыз. Осы ақпарат шындыққа жанаса ма?




Ұлттық статистика бюросы «қазір елде нақты қанша этнос тұратыны белгісіз» дейді. Бұл ақпарат биылғы күзде өтетін халық санағынан кейін белгілі болмақ. 

 

Ең кейінгі халық санағының қорытындысына сенсек, 2009 жылы Қазақстанда 125 ұлт пен ұлыс тұрған, ал халық саны 16 миллион болған. Олардың көбі — қазақтар (63,1 %), орыстар (23,7 %), өзбектер (2,9 %), украиндер (2,1 %). 

 

Қазір Қазақстанда 18,9 миллион азамат тұрады. Оның 68,1 %-ы — қазақтар, 19 %-ы — орыстар, 3,25 %-ы — өзбектер, 1,42 %-ы — украиндер.


30/04/2021 15:25 4263 0

30/04/2021
15:25 4263 0

Поделиться

Нет комментариев.

Уведомление