Бас бостандығынан айыру және бас бостандығын шектеу: айырмашылығы қандай?

Жалпы тілмен айтсақ, бас бостандығынан айыру — түрмеге жабу, ал шектеу — үй қамағына алу немесе ешқайда кетпеу туралы тілхат жазу.




Бас бостандығынан айыру — өлім жазасынан кейінгі ең қатал жаза. Ондайда адам түрмеге қамалып, қоғамнан оқшауланады. Бұл жаза ауыр қылмыс үшін беріледі. Қылмыстық кодекс бойынша адам бас бостандығынан алты айдан 15 жылға дейін айырылуы мүмкін. Аса ауыр қылмыс үшін азамат 20 жылдан өмір бойына дейін түрмеге қамалады. Абайсызда істеген қылмысы үшін қылмыскердің түрмеге отыруы 10 жылдан аспауы керек.    

 

Бас бостандығын шектеу — жеңіл жаза түрі. Адам жазасын үйде өтейді. Оған қала/ауданнан шығуға тыйым салынады не тек белгілі бір уақытта шыға алады. Егер шектеу адамның жұмысына байланысты болса, сот сонда жұмыс істеуге тыйым салуы мүмкін. Мысалы, шенеунік жемқорлық жасағаны үшін сотталды делік. Жазасы бітсе де, ол енді мемлекеттік қызметкер бола алмайды. Қылмыстық кодекске сай бас бостандығын шектеу мерзімі — алты айдан жеті жылға дейін.

 


01/08/2020 14:45 9573 0

01/08/2020
14:45 9573 0

Поделиться

Нет комментариев.

Уведомление