Адамның неге құқы бар?

Жауап БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында жазылған.




Адам құқықтары жөніндегі ең басты құжатта адамның:

 

- өмір сүру, азат болу, жеке өмірін қорғау;

- құлдық, алалау мен азаптан еркін болу;

- әділ сотқа шағымдану;

- қадір-қасиетін, ар-ожданын қорғау;

- мүлік иесі болу;

- еркін жүріп-тұру мен қалаған жерінде тұру;

- некелесіп, отбасы құру;

- қалаған діні мен сенімін ұстану;

- қалаған пікірін еркін айту;

- ақпарат, идея алып, тарату;

- бейбіт жиналыс ұйымдастырып, қатысу;

- елді басқаруға тікелей немесе өкілдері арқылы араласу;

- мемлекеттен көмек алу;

- еңбек ету, қалаған жұмысына тұру, лайық жалақы алу;

- демалу;

- білім алу;

- қоғамның мәдени өміріне араласу құқығы бар делінген.

 

Адамның басқа қандай құқы барын мына жерден, ал жалпы құқық қайдан пайда болатынын мына жерден оқи аласыздар. 


01/08/2020 14:32 5115 0

01/08/2020
14:32 5115 0

Поделиться

Нет комментариев.

Уведомление