Қазақстан — унитар мемлекет. Бұл нені білдіреді?

Унитар мемлекет деген не? 




Территориясы бүтін, автономиялық аймақтарға бөлінбеген мемлекет: ондағы облыстар, қалалар мен аудандар тәуелсіз субьектілер емес, бір мемлекеттің тең бөліктері. Азаматтары бір билікке — бір үкімет пен президентке, бір заңға бағынады. 

 

Унитар мемлекетте: 

 

  • тұрғындардың азаматтығы бір;
  • бір ғана ортақ мемлекеттік тіл болады;
  • ортақ бюджеті бар;
  • өз үкіметі бар саяси тәуелсіз, яғни автономия аймақтары жоқ;
  • ортақ Конституциясы бар; 
  • азаматтары бір заңға, бір орталыққа бағынады. 

Қазақстан — унитар мемлекет, Конституцияда осылай жазылған. Дүниежүзіндегі мемлекеттердің 85 %-ы унитар. Мысалы, Франция, Финляндия, Жапония және ТМД елдерінің көбі. 

Унитар емес елдер федерация мемлекет деп аталады. Бұл дегеніміз — бір елдің ішінара тәуелсіз, өз заңдарын шығаратын аймақтары болады. Мысалы, Германия, Канада, Біріккен Араб Әмірлігі, Ресей, АҚШ.


16/02/2021 12:19 4553 0
Автор: masa.media

16/02/2021
12:19 4553 0

Поделиться

Нет комментариев.

Уведомление