Коронавирус жұқтырған 8,5 мың медициналық қызметкердің 500-і өтемақы алды

Олардың әрқайсысына 2 миллион теңге төленген


14/08/2020
14:02 47224 0

Фото дереккөзі: eadaily.com

 

Қазақстанда коронавирус жұқтырған 500 медициналық қызметкер 2 миллион теңге көлемінде өтемақы алған. Бұны ҚР Бас санитария дәрігері Айжан Есмагамбетова 14 тамызда брифиңде айтты деп Vlast.kz хабарлады

 

— Осы күнге дейін 500 медқызметкер өтемақы алды. Әрқайсына 2 миллион теңге берілді. Комиссияның жұмысы тұрақты. Құжаттар қаралуда, — деген Есмағамбетова. 

 

Оның айтуынша, өтемақы денсаулық сақтау министрі мен еңбек және әлеуметті қорғау министрінің бірігіп берген бұйрығында көрсетілген тәртіп бойынша беріледі. Қызметкерлердің тізімін аймақтық комиссиялар жасайды. 

 

Есмағамбетова қанша медициналық қызметкерге өтемақы берілмегенін айтпады. Ол ақпаратты кейін бермек. Денсаулық министрліктің 3 тамызда хабарлағанындай, елде коронивирус жұқтырған медиктер саны — 8 518.

 

 

 

Поделиться

Нет комментариев.

14/08/2020 14:02
47224 0

Уведомление