Еуроодақ Лукашенконы Беларусь президенті деп мойындамайды

Беларусь билігіне санкция салып, халқына қаржылай көмектеспек


20/08/2020
12:12 47287 0

Фото дереккөзі: dw.com

 

Еуропа Одағы Александр Лукашенконы Беларусьтің президенті деп танымайды. Сонымен қатар одақ құрамындағы елдер Беларусь билігіне санкция салып, халқына қаржылай көмек бермек. Бұны Euronews хабарлады.

 

— Бұл сайлау әділ өтпеді және халыққаралық стандарттарға сай емес. Біз Беларусь билігі берген қорытындыға сенбейміз, — деді Еуропа кеңесінің төрағасы Шарль Мишель 19 тамызда өткен ЕО елдерінің саммитінде. 

 

Сонымен қатар Одақ Беларусь билігіне санкция жариялап, халқына 53 миллион еуро бөлмек. 

 

9 тамызда Беларусьте президентті сайлау өтті. Ресми дерек бойынша, оны билікте 26 жыл отырған Александр Лукашенко жеңді. Қорытындылар жарияланған бойда азаматтар жаппай наразылыққа шықты. Олар да сайлау нәтижелері бұрмаланған деді. Мыңдаған адам ұсталып, қаза тапқандар бар. Қамаудан шыққандар милициядан жәбір көргендерін айтып жатыр. 

 

 

 

Поделиться

Нет комментариев.

20/08/2020 12:12
47287 0

Уведомление