«Елбасының ар-намысы мен қадір-қасиеті»: Назарбаевқа тіл тигізгендер қалай жазаланады?

Елбасын қорлау туралы бап қай кезде қолданылады


09/07/2021
14:09 5028 0

Қылмыстық кодексте бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевқа қатысты үш бап бар: оның өміріне қол сұғу, оған тиіспеушілікті бұзу және тіл тигізу (қорлау). 

 

Назарбаевқа тіл тигізу деген не? Оның заңнамадағы «жай» қорлаудан қандай айырмасы бар? 

 

Елбасына тіл тигізу vs басқа азаматтарға тіл тигізу 

 

ҚР Қылмыстық кодексінде қорлау (тіл тигізу) деген — «біреудің ар-намысы мен абыройын әдепсіз түрде кемсіту». Қорлау туралы бап қандай жағдайда қолданылатынын біздің материалдан толығырақ оқыңыз.

 

Бірақ Нұрсұлтан Назарбаевқа тіл тигізгендер бұл бап бойынша жауапқа тартылмайды. Экс-президенттің ар-намысын таптап, қорлағандарды басқа жеке бап — Қылмыстық кодекстің 373-бабына сай жазалайды. Назарбаевты қорлау деген — «ҚР Тұңғыш Президентін — Елбасын көпшілік алдында қорлау және оның абыройы мен қадір-қасиетіне өзгедей қол сұғу, бейнесін бүлдіру, заңды қызметіне кедергі жасау». 

 

Елбасына тіл тигізу vs басқа азаматтарға тіл тигізу

 

 

ҚР ҚК 131-бабы, «қорлау»

ҚР ҚК 373-бабы, «Елбасына тіл тигізу»

Көпшілік алдында жасалуы керек

❌ 

Жалған ақпарат тарату

❌ жалған ақпарат тарату — қорлау емес

✅ Елбасы туралы жалған ақпарат тарату «Елбасының ар-намысы мен қадір-қасиетіне өзгедей қол сұғушылық» саналады 

Бейнесін бүлдіру

❌ жоқ

✅ Бар

Бас бостандығын шектеу немесе одан айыру

❌жоқ

✅ Екі-үш жылға дейін

Айыппұл

100–200 АЕК-ке дейін (291 700–583 400 теңге)

2–3 мың АЕК-ке дейін (5 834 000–8 751 000 теңге)

 

2020 жылғы сәуірде Қарағанды тұрғыны Арман Хасенов бұрынғы президентке тіл тигізгені үшін тұтқындалып, сотталды. Ол билік пен Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын әдепсіз сынға алып видео жариялаған еді. 

 

Сотта Хасенов кінәсін мойындап, 100 сағат міндетті жұмысқа жегіліп, 15 АЕК (41 670 теңге) айыппұл төледі, үш жылға бас бостандығы шектелді. Оның алдында да, кейін де ешкім президенттіктен кеткен Назарбаевқа «тіл тигізбеді», яғни бұл бап бойынша іс қозғалмады. 

 

2001 жылы президентке тіл тигізді деп «СолДАТ» газетінің редакторы Ермұрат Бәпидің үстінен іс қозғалған еді. Оған газетте жарияланған «ФЗУшник планетарного масштаба» мақаласы себеп болған. Материал Қазақстандағы президент институтының 10 жылдығына арналған екен. 

 

Сол үшін Ермұрат Бәпи бір жылға бас бостандығынан айырылды, ал мәтіннің авторы Кәрішал Асанов ақталып шықты. 

 


 

«ҚР Тұңғыш Президенті туралы» конституциялық заңы 2000 жылы қабылданды. 2010 жылы Мәжіліс депутаттары (барлығы Nur Otan партиясына мүше еді) партия төрағасы, сол кездегі Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Елбасы мәртебесін беретін заң жобаларына түзету енгізді. 

 

Содан бері Назарбаевты ұстауға, қамауға, одан жауап алуға және тексеруге болмайды. Президент Назарбаевтың қызметіне кедергі келтірген, оның бейнесін бүлдірген, көпшілік алдында тіл тигізген және ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұққандар қылмыстық жауапқа тартылады. Өзінің және оның отбасының мүлкіне тиісуге, яғни тінтуге, тәркілеуге болмайды. 

 


 

Не нәрсе Елбасына тіл тигізу боп саналады? 

 

ҚК-нің 373-бабына сай, бұрынғы президентке тіл тигізу — оның бейнесін бүлдіру ғана емес, «ар-намысы мен қадір-қасиетіне өзгедей қол сұғу». 

 

Мысалы, 2021 жылғы мамырда Нұрсұлтан Назарбаев бейнеленген мурал бояп тасталғанын жазған, соның суретін жариялаған The Village Қазақстанға ақпарат министрлігінен хат келді. Онда «ҚР Тұңғыш Президентінің суретін бүлдіргендер» жауапқа тартылатыны айтылған. Редакция боялған муралдың суретін бұлыңғырлатуға мәжбүр болды.

 

«Қазақстан бірінші президентінің беделін түсіретін жалған ақпарат тарату» да бұрынғы мемлекет басына тіл тигізу саналады. 

 

Айта кетейік, Қылмыстық кодексте қазіргі президентке тіл тигізу туралы жеке бап бар. Оны «қорлағандар» Назарбавтың «ар-намысын таптағандар» сияқты жазаланады, бірақ ол бапта президент суретін қорлау туралы сөз жоқ. 

 

Ал басқа елдерде қалай?

 

Әзербайжан мен Беларусьте президентке тіл тигізгендер қылмыстық жауапқа тартылады. 

 

Ұлыбритания, Испания мен Нидерландта монархтарды қорлауға тыйым салынған. Ал Польша мен Швейцарияда елге келген басқа мемлекет басшыларына тіл тигізуге болмайды.  

 

Бірақ көптеген мемлекетте президентті қорлау туралы жеке қылмыстық бап жоқ. 

 

Құқық қорғаушылар не дейді?

 

2016 жылы БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитеті Қазақстанға Қылмыстық кодекстегі жалпы қорлауға қатысты нормаларды алып тастауды немесе қайта қарауды ұсынған еді.

 

Комитет мұндай баптар еркін пікір айту құқығын бұзады дейді.

 


 

Иллюстрация: Лейла Тапалова

Поделиться

Нет комментариев.

09/07/2021 14:09
5028 0

Уведомление