Қазақстанда заңсыз байыған шенеуніктерді жауапқа тартуы мүмкін

Сонымен қатар билік жемқорлардың жазасын ауырлатпақшы


03/09/2020
12:36 47066 0

Фото: avesta-news.kz

 

Қазақстанда өз табысы қайдан келгенін дәлелдей алмаған шенеуніктерді жауапқа тартпақ. Бұны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы Алик Шпекбаев Facebook парақшасында жазды

 

— 2021 жылдан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңін іске қосуды ескере отырып, біз келесі тетікті ұсынамыз. Бастапқы кіріс декларациясында мемлекеттік қызметші өзінің барлық активтерін тіркейді. Егер кезекті декларацияны тапсыру кезінде оның негіздей алмайтын табысының едәуір өсуі анықталса, оған мемлекеттік қызметтен босату және негізсіз асып кеткен соманы тәркілеу шарасы қолданылады, — деп жазды ол. 

 

Оның ойынша, дамыған елдердегідей Қазақстанда шенеуніктердің сатылып кетпейтіндігін тексеру институын құру қажет. 

 

Сонымен қатар Шпекбаев жемқорлардың жазасын ауырлату жұмысы жүргізіліп жатырғанын айтты. 

 

Пара берушілер мен делдалдар үшін парақорлық жазасын қатаңдату мәселесі пысықталатын болады. Сотталған жемқорларға қатысты мерзімінен бұрын шартты түрде босатудың күшін жою ең қуатты профилактикалық әсерге ие болады. Осы тәжірибенің жалғасы ретінде біз аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін бірнеше еселенген айыппұл қолдануды және жемқорларға колония-қоныстарда тағайындалған жазаны қайта қарауды жоюды жақтаймыз, — деді ол.

Поделиться

Нет комментариев.

03/09/2020 12:36
47066 0

Уведомление