Қазақстанда Төтенше жағдайлар министрлігі қайтадан құрылды
Бұрын министрліктің жұмысы 2014 жылы тоқтатылған еді
Фото: times.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдайлар министрлігін құру туралы жарлыққа қол қойды. Бұны Ақорданың ресми сайты хабарлады.
Жаңа министрлікке ішкі істер, индустрия және инфрақұрылым, ұлттық экономика министрлігінің өкілеттері өтті. Олар:
- табиғи, азаматтық қорғаныстағы (халықты қорғау), өрттен болған төтенше жағдайларды болдырмау;
- өнеркәсіптегі қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырып, оны жүзеге асыру;
- материалдық резервті қалыптастыру және дамыту.
Министрлікте кім жұмыс істейтінін үкімет президент әкімшілігімен келісіп бір ай ішінде шешеді.
Бұрын осы министрлік 2014 жылы жойылып, өкілеттері ішкі істер министрлігіне өткен еді.
12:51
57921
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.