Қазақстанда қандай партиялар бар: Жалпыұлттық социал-демократиялық партия

Мәжілісті сайлау қарсаңында Қазақстанның тіркелген партиялары туралы айтып береміз


05/11/2020
11:38 8956 0

2021 жылдың 10 қаңтарында Қазақстан азаматтары парламенттің төменгі палатасы — Мәжіліс депутаттарын сайлайды. Бізде сайлау партиялық тізім бойынша өтеді: сайлаушы өз дауысын жеке үміткерге емес, оның партиясына бере алады. Парламентте кім отыратынын партияның өзі (егер өтсе) шешеді. masa.media сайлаушыларға партияларды таныстыратын материалдар топтамасын бастайды. Бұл жолы Жалпыұлттық социал-демократиялық партия туралы сөз қозғаймыз. 

 


 

ДИСКЛЕЙМЕР: masa.media редакциясы ешқандай саяси партияға жақтас емес және ешқашан агитациясы бар материалдар жарияламайды. Оқырмандарымызға сайлау, партия және саясат туралы мақалалар мен жаңалықтарды тек ақпарат ретінде береміз. 

 


 

Идеологиясы: Жалпыұлттық социал-демократиялық партия өздерін оппозициялық — авторитар жүйе мен антисоциал мемлекетке қарсы партия деп көрсетеді.  

 

Құрылған жылы (тіркелген жылы): 2006 жылы құрылып, 2007 жылы тіркелді

 

Сайлауларда жинаған дауысы: 2007 жылы — 4,54 %, 2012 жылы — 1,68 %, 2016 — 1,18 %. Партия парламентке өтіп көрмеді.

 

Қанша адам мүше: 160 мыңнан астам

 

Бұрынғы және қазіргі танымал мүшелері: Әміржан Қосанов — 2019 жылы «Ұлт тағдыры» қозғалысы атынан президенттікке кандидат болды, Тоқтар Әубәкіров — қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер.  

 

Төрағасы: Асхат Рахымжанов

 

Ұсынған заң жобалары: жоқ 

 

ТАРИХЫ 

 

2006 жылы партияның бірінші төрағасы боп мемлекеттік және қоғам қайраткері Жармахан Тұяқбай тағайындалды. 

 

Жармахан Тұяқбаев. Дереккөз: informburo.kz. 

 

2007 жылғы сайлау алдында партия «Нағыз Ақ жол» (кейін «Азат» деп өз атауын өзгертті) партиясымен бірікті. Сайлауда дауыстардың 4,54 %-ын жинап, парламентке өтпеді. Ол кезде бұл органға өту үшін кемінде дауыстардың  5 %-ын (қазір 7 %) жинау қажет еді. Партия сайлауда заң бұзушылықтар болды деп қорытындыны мойындамай, сотқа 3 мыңнан астам арыз берген. Сот оларды қанағаттандырмады. 

 

Сол жылы ЖСДП мен «Нағыз Ақ жол» бөлініп кетіп, 2009 жылы қайтадан бірікті. Бірігу жөніндегі хабарламада біріккен партия «билік партиясына (Nur Otan — ред.) қарсы күш» болатынын жариялады.

 

2012 жылы да парламентке өте алмаған партия сайлау қорытындысын мойындамай, Алматыда митиң өткізді. Бейбіт жиналыстың болуына ешкім кедергі келтірмеді. Алайда содан кейін партияның екі төрағасы Жармахан Тұяқбаев пен Болат Әбіловке «заңсыз митиң өткізгені» үшін 20 АЕК (сол кезде бұл 32 мың теңге еді) айыппұл салынды. 

 

2015 жылы партия Алматы мәслихатын сотқа берді. Оған жаңадан құрылып жатқан 23 учаскелік және аумақтық сайлау комиссиясына ЖСДП өкілдерінің сайланбауы себеп болған. Сот талап-арызды қанағаттандырмады.  

 

Партия 2016 жылы да заң шығарушы органға өтпей, сайлау қорытындысын мойындамады. 

 

2019 жылғы президентті сайлауды ЖСДП «қойылым, биліктің тағы бір фарсы» деп атады.

 


 

Иллюстрация: Лейла Тапалова

Поделиться

Нет комментариев.

05/11/2020 11:38
8956 0

Уведомление