Астана, Алматы мен Ақтөбеде адам құқығына арналған фестиваль өтеді
Қатысу тегін

Фото: soc-otvet.ru
Қазақстан жастарының ақпарат қызметі 4–12 желтоқсан аралығында 10 желтоқсан — Адам құқықтары күніне арнап фестиваль өтікізеді. Шаралар Нұр-Сұлтан (Астана), Алматы мен Ақтөбеде өтеді. Қатысу тегін.
Фестиваль кестесі мынадай:
4–6 желтоқсан — астанада (орысша), Алматы (орысша) мен Ақтөбеде (қазақша) адам құқықтарына кіріспе сабақ өтеді. Оған мына жерден тіркелу керек.
5 желтоқсан (Алматы) — сарапшылармен адам құқығы туралы әңгімелесу.
8 желтоқсан — «Нам здесь жить» фильмінің презентациясы. Онда құқық қорғаушылар мен белсенділер пандемия кезінде адам құқығын қалай қорғағанын айтып береді.
10 желтоқсан (Алматы) — Адам құқықтары мектебінің бесінші жыл түлектерінің жобасын таныстыру, құқық қорғау тақырыбындағы үстел ойыны мен суретші Мұрат Ділмановтың «Писающий полицейский» инсталляциясын көрсету.
12 желтоқсан (Алматы) — Human rights art — оған қатысушылар құқық қорғау туралы сурет салады.
5–12 желтоқсанда өтетін шараларға мына жерден жазылуға болады. Қатысушы саны шектеулі. Фестивальдің нақты мекенжайын ұйымдастырушылар өзі хабарласып айтады.

Нет комментариев.