АҚШ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан 2021 жылдың шілдесінде шығады

Оған дейін Вашингтон ұйыммен қарым-қатынасын барынша азайтпақ


04/09/2020
10:43 47278 0

Фото: Новости GMP

 

АҚШ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан (ДДСҰ) ресми түрде 2021 жылдың 6 шілдесінде шығады. Бұл туралы елдің Мемлекеттік департаментінің сайтында жазылған. 

 

АҚШ ұйым коронавирус пандемиясы мен басқа төтенше жағдайларға қарсы дұрыс күреспеді дейді. Сонымен қатар мәлімдемеде елдің ұйымды алмастыратын «сенімдірек» серіктестер іздейтіні жазылған. 

 

2021 жылға дейін штаттар ДДСҰ-мен қарым-қатынасын барынша азайтып, ондағы өкілдерін елге қайтармақ. Ал ұйымға төлеп отырған жарнасының бір бөлігін Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) басқа органдарына жібермек. 

 

Бұрын АҚШ президенті Дональд Трамп елдің ұйым құрамынан кететінін мәлімдеген еді.

 

ДДСҰ — БҰҰ-ның денсаулық сақтау ісі жөніндегі органы. 1948 жылы құрылды. Штаб пәтері Швейцарияның Женева қаласында орналасқан. 194 мемлекет — ұйымға мүше.

 

Поделиться

Нет комментариев.

04/09/2020 10:43
47278 0

Уведомление