899 медқызметкер коронавирус жұқтырғаны үшін 2 миллион теңгеден алды

Елде барлығы 8,5 мың медицина маманынан COVID-19 анықталған


27/08/2020
12:29 47223 0

Фото: ҚазАқпарат

 

Жұмыста коронавирус жұқтырған 899 медицина қызметкері 2 миллион теңге өтемақы алды. Бұны Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

 

— Коронавируспен күрес кезінде COVID-19 немесе вирустық пневмония  жұқтырған 899 медицина қызметкері бір реттік өтемақы алды. Сонымен қатар ол вирустан көз жұмған үш медқызметкердің отбасына берілді, — делінген министрліктің сайтында. 

 

Естеріңізге сала кетейік, жұмыста коронавирус жұқтырған медицина қызметкерлері 2 миллион, ал аурудан көз жұмғандардың отбасыcы 10 миллион теңгеден алады. 

 

3 тамызда денсаулық сақтау министрлігі пандемия кезінде 8 518 медқызметкер вирус жұқтырғанын хабарлады.

 

Поделиться

Нет комментариев.

27/08/2020 12:29
47223 0

Уведомление