28 ақпанда Оралда саяси реформалар талап етілетін митиң өтеді

Әкімдік белсенділердің митиң өткізу туралы хабарламасын мақұлдаған


17/02/2021
18:28 45910 0

Фото: uralskweek.kz

 

Орал қаласы әкімдігі 28 ақпанда өтетін митиңді мақұлдаған. Мұны ішкі саясат басқармасының басшысы Ербол Көшкенов бейбіт жиынды ұйымдастырушы Лұқпан Ахмедияровқа хабарлаған. 

 

Белсенділер саяси реформаларды талап ету үшін митиң өткіземіз деп әкімдікке хабарламаны 9 ақпанда тапсырған. Атқарушы орган оған үш күн ішінде жауап беруі керек. Жауап келмесе, бұл — әкімдік митиңді мақұлдады деген сөз. 

 

Ахмедияров осыны нақтылау үшін әкімдікке қоңырау шалған. 

 

— Өкілетті органнан митиң өткізу туралы хабарламаға жауап келмесе, бейбіт жиын мақұлданды дегенді білдірді. Сізден хат келмеді, демек митиңіміз мақұлданды ма? — деген «Орал апталығының» бас редакторы. 

 

Көшкенов «иә» деп жауап берген. 

 

Митиң 28 ақпанда сағат 12:00-де «Қазақтың батыр қыздары» алаңында өтеді. 


Бейбіт жиналыс туралы заңға сай митиң өткізем дегендер мұны әуелі әкімдікке хабарлауға тиіс. Біз бұрын мұндай хабарламаны қалай тапсыру керегін егжей-тегжейлі жазған едік. Оқи отырыңыз.

Поделиться

Нет комментариев.

17/02/2021 18:28
45910 0

Уведомление