2021 жылы Қазақстанда ең төмен есептік көрсеткіштер қандай болады?

Ең төменгі жалақы көлемі 42 500 теңге болып қала берді


21/08/2020
16:44 47499 0

Фото дереккөзі: prodengi.kz

 

2021 жылы ең төмен жалақы, айлық есептік көрсеткіш (АЕК), ең төмен базалық зейнетақы мөлшері мен күнкөріс минимумы жарияланды. Бұны the-village.kz хабарлады.

 

Келесі жылы ең төменгі жалақы көлемі өзгеріссіз қалады — 42 500 теңге. Ал АЕК-ті 2 917 теңгеге дейін көбейтпек. Қазір ол 2 778 теңгеге тең. Ол жәрдемақы, әлеуметтік төлем, салық пен айыппұлды есептеу үшін қолданылады. 

 

Күнкөріс минимумы 32 668 мыңнан 34 302 мың теңгеге өседі. 

 

Базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері 18 524 теңге болады. Қазіргі сомасы — 17 641 теңге. Ал зейнетақының ең төменгі мөлшері 40 441 теңгеден 43 272 теңгеге өседі.

 

Поделиться

Нет комментариев.

21/08/2020 16:44
47499 0

Уведомление