Жаңаөзенде 600-ден астам мұнайшы ереуілге шығып жатыр

Жалақымыз өссін, жұмыс жағдайымыз жақсарсын дейді олар


02/07/2021
11:05 36937 0

Фото: vlast.kz

 

Жаңаөзенде «Өзенмұнайгазға» мердігер компания болып отырған «КЕЗБИ-дің» 600-ден астам мұнайшысы 30 маусымнан бері ереуілдетіп жатыр. «Азаттық радиосы» олар жұмыс берушіге бірнеше талап қойды дейді.

 

  • Жалақыны көтеру, сыйақы беру; 
  • Мереке күндері және зиянды аймақта жұмыс істегені үшін үстемақы беру;
  • Лауазымын еңбек өтіліне қарай көтеру; 
  • Еңбек демалысында сауықтыру орындарына жіберу; 
  • Ұңғымаларды жөндейтін шеберлерге жағдай жасау;
  • Бұрғышылардың қасына көмекші беру; 
  • Стандартқа сай құрал-сайман беру;
  • 2019 жылдан бастап жұмысшыларға берілетін қаражат туралы есеп беру.  

Мұнайшылар компаниямен бітімге келу үшін келісім комиссиясын құрғанын, бірақ оның еш нәтижесі болмағанын айтады. 

 

— Талаптардың бірі де орындалған жоқ. Жұмысшылар ереуілді жалғастырамыз деп шешті, — деді «КЕЗБИ» жұмысшыларының бірі Нұрсұлтан Нұрымов «Азаттыққа». 

 

Наразыларға Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов келген. Ол «КЕЗБИ» басшылығы мен құзырлы органдар құрған комиссия жұмысын бастағанын, шешімін ереуілшілерге айтатынын жеткізді. 

 

Биыл Қазақстанда жұмысшылар ереуілдері жиілеп кетті. Бірнеше қалада қызметкерлер жалақысын өсіруді, жұмыс жағдайын жақсартуды талап етті. 


Біз бұрын жұмысшылар наразылығын қалай ұйымдастыру керегін айтқанбыз. Оқи отырыңыз.

Поделиться

Нет комментариев.

02/07/2021 11:05
36937 0

Уведомление