Қырғызстанда белсенділер қарсы шыққан «фейкпен күресу» туралы заң қабылданды

Садыр Жапаров былтырдан бері қаралып жатқан заңға қол қойды


24/08/2021
12:29 40554 0

Фото: euroasianet.com

 

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров «Жалған ақпараттан қорғау» туралы заңға қол қойды. Мұны «Медиазона. Орталық Азия» хабарлайды

 

— Қырғызстан Конституциясы әркімнің қадір-қасиетін қорғау құқығына кепілдік береді. Сондықтан осы заң қабылданды, — дейді президенттің баспасөз қызметі. 

 

Бұл заңға жергілікті белсенділер, құқық қорғаушылар қарсы шыққан еді. Бірнеше митиңнен кейін 2020 жылғы шілдеде бұрынғы президент Сооронбай Жээнбеков толықтырсын деп осы заңның жобасын парламентке қайтарып берген.

 

Қарсылар бұл заң мемлекеттің интернеттегі контентті бақылауын күшейітпек дейді. 

 

Заң күшіне енсе, интернетті қолданушылар аты-жөнін жасыра алмайды, жалған ақпарат таратты деп күдікке ілінген сайттар сот шешімінсіз-ақ бұғатталады. 

 

Парламент депутаттары бұл заңға 28 шілдеде қол қойған. Одан бір күн бұрын олар Жапаровпен бейресми кездесу өткізген. Жобаға қарсы болған әрі жиынға бармаған депутат Жанар Ақаев мұны мемлекеттік жемқорлық дейді.

 

Бұрын осы заңға қарсылық туралы толығырақ жазғанбыз. Оқи отырыңыз.

 

Поделиться

Нет комментариев.

24/08/2021 12:29
40554 0

Уведомление