Босқын

Өз еліндегі соғыс, саяси қудалау мен табиғи апаттарға байланысты басқа елге бас сауғалаған адам. 




Босқындар белгілі бір елге барғанда бірден азаматтық алмайды. Оған дейін оларға арнайы құжат табысталады, соның арқасында сол елге барған  басқа шетелдіктермен тең құқылы болады. Босқын бас сауғалаған ел оны отанына қайтарып жібере алмайды.


БҰҰ Босқындар туралы конвенциясында басқа елде жақсы өмір сүру, жұмыс табу үшін өз елінен кетіп қалған, сол үшін отанында саяси қудалауға ұшырамайтын мигранттар мен өз елінде ауыр қылмыс жасағандар босқын саналмайды. 


Қазақстанның «Босқындар туралы» заңы 2009 жылғы 4 желтоқсанда қабылданды. Заңға сәйкес босқын мәселесін үкімет пен өзге мемлекеттік органдар реттейді. Заңның 9-бабында пана іздеген адамдар медициналық көмек алуға, еңбек етуге, өз еліне өз еркімен кетуге құқылы екені жазылған.  


БҰҰ-ның мәліметінше, биыл дүниежүзінде босқындар саны 80 миллионға жеткен.


Біз бұрын Қытайдағы «қайта тәрбиелеу лагерінен» қашып Қазақстаннан пана сұраған, кейін Швецияда босқын мәртебесін алған қазақ қызы Сайрагүл Сауытбай туралы жазғанбыз.


23/11/2020 16:02 4999 0

23/11/2020
16:02 4999 0

Поделиться

Нет комментариев.

Уведомление