Митиң

Саясат, әлеумет, экономикаға қатысты мәселелерді шешу үшін адамдардың жаппай жиналуы. Оны ұйымдастырушылар мен оған қатысушалар өз талаптарын қояды. Алдына қойған мақсаты мен міндеттері бар. Мысалы, митиңдер заңды қабылдауына немесе жойылуына, саяси тұтқындарды босатылуына арналуы мүмкін. Ағылшын тілінен аударғанда «кездесу»  деген мағына береді




Митиң бұл аяқ астынан бола қалған жиналыс емес, саясатқа араласудың ұйымдасқан түрі. Алдын ала белгіленген жерде алдын ала келісілген уақытта өтеді. 


Бұл шеру емес. Пикет те емес. Одан айырмашылығы пикетте адамдар бір ғимараттың алдында жиналады, олардың талаптары митиңтегідей ауқымды болмайды. 


Бейбіт жиналыс ұйымдастыру, оған қатысу адамның негізгі құқықтарының бірі.


Қазақстанда бейбіт жиналыс өткізуді «Бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу» туралы заң реттейді. Оның қандай заң екенін және неге оны сарапшылар сынайтынын құқық қорғаушы Роман Реймердің бағанасынан оқыңыз.


29/07/2020 12:20 4767 0

29/07/2020
12:20 4767 0

Поделиться

Нет комментариев.

Уведомление