Тағы бір ұйым: Салық органдары Лұқпан Ахмедияровтың бірлестігінің жұмысын тоқтатты

Журналист мұны өзіне көрсетілген қысым дейді


04/03/2021
12:43 46265 0

Батыс Қазақстан облысы мемлекеттік кірістер басқармасы «Орал апталығының» бас редакторы Лұқпан Ахмедияровтың «Абырой» қоғамдық бірлестігіне 583 мың теңге айыппұл тағып, жұмысын үш айға тоқтатты. Мұны «Азаттық радиосы» хабарлады. 

 

Журналистің айтуынша, оларға «шетелден алған қаржысы туралы жалған ақпарат берген» деген айып тағылған. Қаулыда ұйым АҚШ-тың National Endowment for Democracy қорынан қаржы алғаны, сол туралы құжатта заңбұзушылық болғаны жазылған. 

 

Ахмедияров мұны өзіне жасалған қысым деп біледі. 

 

— Себебі бұл іс бұрын мемлекеттік кірістер басқармасында қаралған және қалалық басқарма жетекшісі істе әкімшілік құқықбұзушылық белгілері жоқ екенін айтқан. Олар үнсіздік танытып, енді митиңнен кейін маған айыппұл туралы хабарламама келіп тұр, — деген журналист «Азаттыққа». 

 

28 ақпанда Ахмедияров Оралда саяси митиң ұйымдастырған. Оны жергілікті әкімдік мақұлдаған. Жиынға 300-дей адам қатысып, саяси реформалар талап етті. 


Салық органдары бұрын да үкіметтік емес ұйымдарға айыппұл салып, қызметін уақытша тоқтатқан.

Поделиться

Нет комментариев.

04/03/2021 12:43
46265 0

Уведомление