Сайлау-2021: ОСК Мәжіліске кай партия өткенін айтты

Ең көп орынға Nur Otan ие болды


12/01/2021
11:59 42570 0

Фото: azattyq.org

 

12 қаңтарда брифиңде Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс депутаттарын сайлау қорытындысын жариялады. Парламенттің төменгі палатасына Nur Otan, «Ақ жол» және Қазақстанның халық партиясы өткен. 

 

Қорытындысы мынадай: 

 

  • Nur Otan  – 71,09 % (76 мандат)
  • «Ақ жол» — 10,95 % (12 мандат)
  • Қазақстанның халық партиясы — 9,1 % (10 мандат)
  • «Ауыл» партиясы —  5,29 %;
  • ADAL — 3,57 %.

Қазақстанда парламентке сайлауда кемінде 7 % дауыс жинаған партиялар өтеді. 

 

Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлау 10 қаңтарда өтті. Ал 11 қаңтарда Қазақстан халқы ассамблеясы парламенттің төменгі палатасына тоғыз депутат сайлады. 

 

10 қаңтарда өткен сайлауда тәуелсіз бақылаушылар сайлау комиссиялары өздерін учаскелерге кіргізбегенін, дауыс санарда қуып шыққанын хабарлады. 

 

Ал бірнеше қалада адамдар сайлауға бойкот жариялап, митиңге шықты. Алматыда наразыларды арнайы жасақ қоршап алып, бірнеше сағат бойы аязда ұстады.

Поделиться

Нет комментариев.

12/01/2021 11:59
42570 0

Уведомление