Құқық қорғаушы деген кім? Немен айналысады?

Құқық қорғауға қатысты сұрақтардың жауабы


10/02/2021
11:19 7591 0


 

 

Құқық қорғаушы кім екенін, немен айналысатынын , саясаткер мен белсендіден несімен ерекше екенін айтып бердік.

 

ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУШЫ ДЕГЕН КІМ? 

 

Адам құқығын мемлекеттен қорғайтын адам. Мемлекет деп отырғанымыз — мемлекеттік қызметкерлер, органдар. 

 


 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: АДАМҒА ҚҰҚЫҚТЫ МЕМЛЕКЕТ «БЕРМЕЙДІ». СОНДА КІМ БЕРЕДІ?

 


ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ МАМАНДЫҚ ПА?

 

Құқық қорғаушы — адам құқығы бұзылғанына бейжай қарамайтын, оны бейбіт жолмен қорғайтын кез келген адам. Бірақ құқық қорғаумен толықтай айналысатын адамдар бар. 

 

Құқық қорғаушы мамандық та, жұмыс та емес. 

 

Бұл — құндылық, өмір мен ондағы адамның орны туралы түсінік. 

 

Құқық қорғаушылар туралы декларацияда: «Әркімнің жеке және басқалармен бірлесе отырып, ұлттық және халықаралық деңгейде адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғауға және жүзеге асыруға ықпал етуге және ұмтылуға құқығы бар».

 

Қаласаңыз, бұл құқықты пайдаланасыз, қаламасаңыз — пайдаланбайсыз. Еркіндік, әділет, адамның қадір-қасиетін құрметтеу, адам құқықтарын сақтау сіз үшін маңызды болса, қоғамда болып жатқан жайттарға көңіліңіз толмаса, мұны өзгертуге тырыссаңыз болады. 

 

Евгений Жовтис, «Кто такие правозащитники и как далеки они от народа»

 

 

ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУШЫ КІМДІ ҚОРҒАЙДЫ?

 

Бәрін. 

 

Құқық қорғаушы құқығы бұзылған барлық адамға нәсіліне, жынысына, дініне, саяси көзқарасына қарамай көмектеседі. 

 

Құқық қорғаушы адамдарды бөліп-жармай, кез келгеніне көмектесуге міндетті. Оған тек әділдік маңызды. 

 

Андрей Юров, «Тайны прав Человека и политики, или почему нормальное государство не может жить без правозащитников»

 

 

ҚАНДАЙ ЖАҒДАЙДА ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУШЫДАН КӨМЕК СҰРАУ КЕРЕК?

 

Мемлекет құқығыңызды бұзғанда. Мысалы, сізді көршіңіз ұрса, онда полицияға жүгінесіз. Ал полиция арызыңызды қабылдамаса, онда құқық қорғаушыға барасыз. Өйткені полицей қарапайым азамат емес, мемлекеттік қызметкер, яғни мемлекет құқығыңызды бұзып тұр. 

 


 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: ӘР АДАМНЫҢ ҚҰҚЫҒЫ БАР. АЛ МІНДЕТІ БАР МА?

 


 

НЕЛІКТЕН МЕМЛЕКЕТ АДАМ ҚҰҚЫҒЫН БҰЗБАУҒА ТИІС?

 

БҰҰ-ға мүше мемлекет адам құқығы туралы бірнеше халықаралық құжатқа қол қояды. Осылай мемлекет адам құқығын сақтаймын деп уәде береді. 

 

Бұл құжаттар — құқық қорғаушы жұмысының негізі. Егер мемлекет адам құқығын бұзса, құқық қорғаушылар сол құжаттарға сүйенеді. Қазақстан БҰҰ-ның тоғыз құжатына қол қойған.

 


 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: ҚАЗАҚСТАН РАТИФИКАЦИЯЛАҒАН АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ СЕГІЗ ҚҰЖАТ

 


 

ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУШЫ МЕМЛЕКЕТКЕ ӨМІРІ КӨҢІЛІ ТОЛМАЙТЫН ОППОЗИЦИОНЕР МЕ?

 

Жоқ. Мемлекет құқық қорғаушылардың жауы емес, қарсыласы не серіктесі десек болады.

 

Құқық қорғаушылар мемлекетті сынап, оның қай заңы адам құқығын бұзатынын көрсетеді. 

 

Егер мемлекет осы сынға құлақ асып, құқық қорғаушылармен бірігіп жұмыс істесе, нәтижесінде, мысалы, жаңа заң шығаруы мүмкін. Осылайша мемлекет те, құқық қорғаушылар да пайда көреді. 

 

ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУШЫ МЕН САЯСАТКЕРДІҢ АЙЫРМАСЫ ҚАНДАЙ?

 

Құқық қорғаушы кейде саясаткерлер сияқты мемлекетті сынай алады. Бірақ оның мақсаты — мемлекетті адам құқығын қорғауға итермелеу. Ал саясаткердікі — билікке талас. 

 

1993 жылы Адам құқығы жөніндегі бюроны аштық. Оны біз оны біреуге емес, адам құқығын қорғайтын, құрметтейтін мемлекет пен қоғам жасау үшін құрдық. 

 

Біз елінің әлеуметі мен саясаты туралы өзіндік идеялары бар және оларды билікке келу арқылы жүзеге асыруға тырысатын, сондықтан саяси партиялар құратын саяси оппозиция сияқтымыз. 

 

Бірақ біз билікке таласпаймыз. Біз адам құқықтары мен еркіндігін жақсарту үшін оған әсер етуге тырысамыз. Сондықтан біз оппозиция емеспіз, дегенмен көп жағдайда біз билікке сыншы да, қарсылас та бола аламыз. 

 

Евгений Жовтис, «Кто такие правозащитники и как далеки они от народа»

 

АЛ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУШЫ МЕН БЕЛСЕНДІНІҢ АЙЫРМАСЫ ҚАНДАЙ?

 

Азаматтық белсенділер құқық қорғаушылар сияқты құқық қорғайды, бірақ одан бөлек әлеуметтегі мәселелерді шешумен айналасады. 

 

Мысалы, супермаркет тұтынушы құқығы туралы заңды бұзды делік, мұндайда сіз құқық қорғаушыға емес, азаматтық белсенділерге жүгіне аласыз,  өйткені бұл жерде бұзылған адам құқығы емес, заң.  

 

Егер заңды тұтынушы емес, супермаркет бұзған болса, бірақ сот оны ақтап алған болса, құқық қорғаушыға бара аласыз. Себебі сіздің әділ сотқа деген құқығыңыз бұзылды.

 

ҚҰҚЫҒЫМ БҰЗЫЛҒАНДА КІМНЕН КӨМЕК СҰРАЙ АЛАМ? 

 

Қазақстанда адам құқықтары жөніндегі уәкіл — омбудсмен бар. Бұл — ұлттық құқық қорғау институты, яғни мемлекеттік орган. 

 

Одан бөлек үкіметтік емес құқық қорғау ұйымдары бар:

 

 


 

Иллюстрация: Лейла Тапалова

Поделиться

Нет комментариев.

10/02/2021 11:19
7591 0

Уведомление