Сот және трибунал: қандай айырмасы бар?

Сот — қылмыстық, әкімшілік, азаматтық істерді қарайтын тұрақты орган. Ал трибунал — тек ерекше, төтенше жағдайда құрылатын, кейін мәселе шешілгенде таратылатын сот. 


Трибуналда көбіне әскери, халықаралық қылмыстық және азаматтық істер қаралады. Мысалы, геноцид.




Мемлекеттер не ұйымдар халықаралық трибунал құрамыз десе, оған айрықша себеп керек. Мәселен, геноцид, халықаралық терроризм, мемлекеттің азаматтар құқығын өрескел бұзуы. 

Халықаралық құқықта «қорғау міндеті» деген ұғым бар. Мемлекет азаматтарын қорғай алмаса не қорғауға құлықсыз болса, бұл «міндет» дүниежүзі қауымдастығына, мысалы, халықаралық трибуналға өтеді. Мұның бәрі геноцид, соғыстағы қылмыс, адамзатқа қарсы қылмысты болдырмау не тоқтату үшін жасалады. 

 Танымал халықаралық трибуналдар: 

 

  • Екінші дүниежүзі соғысынан кейін нацистерді жауапқа тартқан әскери трибунал (Нюрнберг процесі);
  • Жапон әскери қылмыскерлері сотталған әскери трибунал (Токио);
  • Бұрынғы Югославия жөніндегі БҰҰ трибуналы;
  • Руандадағы геноцид жөніндегі БҰҰ трибуналы;
  • Ливан премьер-министрі Рәфік Хәририге жасалған қастандықты тергеу жөніндегі БҰҰ трибуналы.

17/06/2021 12:23 4214 0

17/06/2021
12:23 4214 0

Поделиться

Нет комментариев.

Уведомление