Қазақстан халқы ассамблеясы Мәжілістің 9 депутатын таңдады

Бұл сайлауда тоғыз кандидат болды


11/01/2021
14:04 42579 0

Фото: assembly.kz

 

Қазақстан халқы ассамблеясы парламенттің төменгі палатасы — Мәжіліске тоғыз депутат сайлады.

 

Олар: 

 

  1. Қазіргі Мәжіліс депутаты Сауытбек Әбдірахманов.
  2. Батыс Қазақстан облысы «Масис» армян этно-мәдени бірлестігінің  төрағасы Аветик Амирханян.
  3. Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Сартобинск ауылының әкімі Ілияс Боларов.
  4. Көкшетау техника лицейінің директоры Наталья Дементьева.
  5. Ұлттық коллектор палатасының төрағасы Юрий Ли.
  6. «Баранг» күрдтер қауымдастығының вице-президенті Вакиль Набиев.
  7. «Шығыс» шаруа қожалығының жетекшісі Шамиль Осин.
  8. «ЖетысуОблГаз» ЖШС-ның бас директоры Владимир Тохтасунов.
  9. «Әзірбайжандықтар қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әбілфас Хамедов.

 

Қазақстанда 107 Мәжіліс депутатының тоғызын Нұрсұлтан Назарбаев құрған әрі басқарып отырған Қазақстан халқы ассамблеясы ұсынады, кейін өздері сайлайды. 

 

ҚХА деген не, не үшін қажет десеңіз, мына жерден толығырақ оқыңыз. 

 

10 қаңтарда Қазақстанда Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлау өтті. Ресми қорытынды әлі шыққан жоқ. Бірақ экзитпол нәтижесіне сай парламентке үш партия — Nur Otan, «Ақ жол» мен Қазақстанның халық партиясы өткен. Әдетте ресми нәтиженің экзитпол қорытындысынан айырмасы болмайды.

 

Поделиться

Нет комментариев.

11/01/2021 14:04
42579 0

Уведомление