Мәжіліс депутаттарын сайлау 2021 жылдың 10 қаңтарында өтеді

Ал депутаттарды Қазақстан халқы ассамблеясы тағайындайтын күн 11 қаңтар болып белгіленді


21/10/2020
10:30 42629 0

Фото: inbusiness.kz

 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс депутаттарын сайлау күнін белгіледі. Мұны Ақорданың ресми сайты хабарлады.

 

Мемлекет басшысы қаулысында партиялық тізім бойынша өтетін сайлау күні 10 қантар, ал депутаттарды Қазақстан халқы ассамблеясы сайлайтын күн 11 қантар боп бекітілді. 

 

Мәжіліс — парламенттің төменгі палатасы. Онда 107 депутат отырады. Тоғызын Қазақстан халқы ассамблеясы тағайындайды, қалғаны парламентке партиялық тізім бойынша өтеді, яғни сайлаушы партияға дауыс береді, ал парламентте кім отыратынын сол партияның өзі шешеді.


Біз парламенттің не екенін, соның ішінде Мәжіліс туралы толығырақ мына жерде жазғанбыз.

Поделиться

Нет комментариев.

21/10/2020 10:30
42629 0

Уведомление