Конгресс АҚШ президенті Байден екенін растады

Инаугурция 20 қаңтарда өтеді


07/01/2021
15:53 47201 0

Фото: iz.ru

 

АҚШ Конгресі (парламент) президент сайлауда демократ Джо Байден жеңіске жеткенін растады. Бұрын мұны сайлаушылар алқасы растаған еді. 

 

Президентті сайлау 3 қарашада өтті. Онда Байден 306, ал қазіргі президент Дональд Трамп 232 дауыс жинаған. Жеңіске жету үшін кандидат 270 дауыс жинауы керек. 

 

АҚШ-та сайлаудың ресми нәтижесін сайлаушылар алқасы хабарлап, кейін оны Конгресс растайды. Конгресмендер бұл рәсімді 6 қаңтарда өткізбек болған. Бірақ олар жиналған Капитолийге Трамп жақтастары басып кіріп, полициямен қақтығыс болды. БАҚ хабарлауынша, тәртіпсіздік кезінде төрт адам қаза тапты, бірнеше полицей жарақаттанған.

 

Жаңа президент өз қызметіне ресми түрде 20 қаңтарда кіріседі.

Поделиться

Нет комментариев.

07/01/2021 15:53
47201 0

Уведомление