Кеше Исландия парламентіне өткендердің көбі — әйел деп едік. Сөйтсек, еркектер екен

Бірақ қорытынды тағы өзгеруі мүмкін


28/09/2021
12:35 40266 0

Фото: svoboda.org

 

Жуырда өткен парламент сайлаудың бірінші қорытындысына сай, Исландияда заң шығаратын органдағы орындардың жартысынан астамын әйелдер иеленген еді. Бірақ дауыстарды қайта санағаннан кейін, көпшілік еркектер болып шықты. Мұны «Медуза» хабарлайды

 

Бірінші қорытындыға сай, 63 мандаттың 33-і әйелдерге тиген еді. Бірақ Солтүстік-Батыс сайлау округының сайлау комиссиясы Пираттар партиясы мен Жандану партиясы жинаған дауыстардың кішкентай айырмасына қарап дауыстарды қайта санап шықты. Соған сай, әйелдер 30 орын алған екен (48 %). 

 

Бірінші қорытынды Исландияны парламентіне өткендердің көбі әйел болған бірінші Еуропа елі қылған еді. 

 

Нақты қорытынды әлі жарияланбады және тағы бір рет өзгеруі мүмкін. Себебі Солшыл жасыл қозғалыс Оңтүстік сайлау округындағы дауыстар қайта саналсын деп сайлау комиссиясына өтініш білдірген.

 

Поделиться

Нет комментариев.

28/09/2021 12:35
40266 0

Уведомление