Франция Сенаты ел үкіметін Таулы Қарабақтың тәуелсіздігін мойындауға үндеді

Армения бұл шешімге қуанса, Әзербайжан оны «жай ғана бір парақ» деп атады


26/11/2020
12:59 42802 0

Фото: zn.com

 

Франция парламентінің жоғарғы палатасы — Сенат — Таулы Қарабақ Республикасына (ТҚР) қатысты резолюция шығарды. Онда сенаторлар ел үкіметін ТҚР тәуелсіздігін мойындауға үндеді. Мұны РБК хабарлады. 

 

Сонымен бірге құжатта депутаттар: 

 

  • Әзербайжанның «қарулы агрессиясын» сынайтынын; 
  • Таулы Қарабақтың бейбіт халқына гуманитар көмек жолдау қажетін;
  • аймақта жасалған қылмыстарды халықаралық деңгейде тексеру қажетін айтады. 

 

Армения премьер-министрі Никол Пашинян бұл шешімнің «тарихи маңызы бар» десе, Әзербайжан билігі резолюцияны «жай ғана бір парақ» деп атаған.

 

Ал Францияның Сыртқы істер министрлігі «Таулы Қарабақ Республикасын бір жақты мойындау ешкімге — Францияға да, Арменияға да, Қарабақ халқына да, Еуропаға да  — пайда бермейді» деп пікір айтты.


Таулы Қарабақтағы Армения-Әзербайжан шиеленісі 1990-жылдардан бері жалғасып келеді. Ең кейінгі үлкен қақтығыс 27 қыркүйекте басталып, 9 қарашада үшжақты (Ресей де қол қойды) келісіммен бітті. Ол келісім бойынша екі ел арасындағы атыс бітіп, Таулы Қарабақтың бірнеше бөлігі Әзербайжан құрамына өтеді. Бұл қақтығыс туралы мына жерден толығырақ оқыңыз.

Поделиться

Нет комментариев.

26/11/2020 12:59
42802 0

Уведомление