Астана мен Шымкентте белсенділер Жаңаөзен және Желтоқсан оқиғалары құрбандарын еске алды

Полиция ешкімді ұстамаған


16/12/2020
18:23 47307 0

Фото: Азаттық радиосы

 

Он алтыншы желтоқсанда Астана (Нұр-Сұлтан) мен Шымкент орталықтарында белсенділер Желтоқсан мен Жаңаөзен оқиғалары құрбандарын еске алды. Мұны Азаттық Радиосы хабарлады.

 

Шымкентте қала тұрғындары, белсенділер мен желтоқсаншылар Қайрат Рысқұлбеков ескерткіші жанына барып, қала әкімдігіне Желтоқсан құрбандарына арналған аллея салуды ұсынды. Әкімдік «сырғытпа» жауап берген. 

 

Астанада (Нұр-Сұлтанда) орталық саябаяқта 30-ға жуық адам жиналып, ту ілінген жерде гүл шоқтарын қойды. Белсенді Бибігүл Тұяқованың айтуынша, акцияға келігісі келген екі адам үйқамаққа алынған. 

 

Құрбандарды еске алуға келгендерді полиция жан-жақтан қоршап, күзетіп тұрды. Қаланың басқа көшелерінде де полиция күзеті күшейген. 


Мұндай жиындар Алматыда да өтті. Оған тіркелмеген Демократия партиясы мен Oyan, Qazaqstan қозғалысының белсенділері қатысты.

Поделиться

Нет комментариев.

16/12/2020 18:23
47307 0

Уведомление