АҚШ-та бұрынғы полицей Жорж Флойдтың өліміне кінәлі деп танылды

Осы өлім Black Lives matter қозғалысына түрткі болған еді


21/04/2021
13:25 38786 0

Фото: ria.ru

АҚШ-та сот алқасы Миннеаполис полициясының бұрынғы қызметкері Дерек Шовинді қаранәсілді Жорж Флойдтың өліміне кінәлі деп шешім шығарды. Мұны «РИА Новости» хабарлады. 

Экс-полицейге «абайсызда кісі өлтірді», «адам өлтірді» және «тұншықтырды» деген айыптар тағылды. 45 жастағы Дерек Шовин 40 жылға дейін түрмеге қамалуы мүмкін. БАҚ судья үкімді екі айдан кейін шығарады дейді.  

Президент Жо Байден сот алқасының шешімі әділетті деген

Шовин 2020 жылғы мамырда Жорж Флойдты ұстау кезінде тұншықтырып өлтірді деп айыпталып отыр. Осы оқиғадан кейін АҚШ пен басқа елдерде Black Lives Matter қозғалысы басталып, нәсілшілдік мәселесі қайтадан көтерілді.

Поделиться

Нет комментариев.

21/04/2021 13:25
38786 0

Уведомление