31 қазанда Алматыда өтетін митиңді ұйымдастырушылар биліктен қысым көріп жатқанын хабарлады

Бұл бейбіт жиналысты әкімдік мақұлдаған еді


30/10/2020
11:09 47286 0

Фото: zakon.kz

 

31 қазанда Алматыда өтетін митиңге қатысатын белсенділерге қысым және қоқан-лоқы көрсетіліп жатыр. Мұны бейбіт жиынды ұйымдастырушылар Бақытжан Төреғожина мен Ғалым Әгелеуов хабарлады деп Vласть жазды. 

 

— 31 қазанда өтетін митиң алдында бірнеше күн бойы Қазақстанның барлық аймағында белсенділер ұсталып, тінту жүргізіліп, оларға қоқан-лоқы көрсетілген, олардан Астана, Шымкент, Өскемен, Орал, Ақтөбе, Алматы қалаларынан шықпау жөнінде қолхат алып жатыр. Митиңді біз, құқық қорғаушылар, ұйымдастырып жатырмыз және бұл адам құқығын мен еркіндігін бұзушылыққа, саяси көзқарасына бола алалауға қарсымыз, — делінген ұйымдастырушылардың хабарламасында. 

 

Олар «белсенділерді қудалауды дереу доғарып, адамдарға өз құқығын пайдалануға және митиңге қатысуға мүмкіндік беруін» талап етті. 

 

Бұл митиңді Алматы әкімдігі 12 қазанда мақұлдады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, олар рұқсатты екінші рет хабарлама өткізгенде ғана ала алған.  

 

Митиң сағат 12:00–15:00 аралығында Шоқан Уәлиханов атындағы алаңда өтеді. Оған 500-дей адам қатыспақшы. Митиңде мынандай талаптар қойылмақ: саяси реформалар жасау және саяси себептерге байланысты қудалауды тоқтату.

 

Оқи отырыңыз: 

 

Митиң өткізудің Қазақстанға 7 пайдасы

 

Митиң не пикет өткізетініңізді әкімдікке қалай хабарлау керек?

 

Саяси тұтқындар деген кімдер? Олардың босатылуын кім және неге талап етіп жүр?

 

Поделиться

Нет комментариев.

30/10/2020 11:09
47286 0

Уведомление