Арбитраж

Кейде адамдар немесе ұйымдар дауласып, бір мәмілеге келмей жатады. Олар мемлекеттік сотқа барудың орнына заңгер немесе заңгерлерге барып, олардан дауды шешуін өтінеді. Келіспеушілікті осылай шешу арбитраж деп аталады. Кейде оны медиация, төреші медиатор деп те атайды.




Арбитраж соты көбіне еңбек, сауда, отбасы және серіктестіктегі, сонымен қатар мемлекеттер арасындағы дауды қарайды.  


Мысалы, БАҚ-та бір компания мемлекеттік тендерді пара беріп ұтып алатыны жазылған. Бұл компания іскерлік беделін қорғау үшін жаңалық жазған басылымның үстінен іс қозғайды, яғни дау пайда болады. Соны абитраж қарап, шешеді. 


2016 жылы Қазақстанда «Арбитраж туралы» заң қабылданды. Оған сәйкес, арбитраж тек азаматтық құқықтық істермен, мысалы, азаматтар мен ұйымдар арасындағы экономикалық даулармен айналыса алады. 


Қазақстанда арбитраж мемлекеттік сот емес. Ол әкімшілік, қылмыстық істерді, сонымен қатар кәмілетке толмаған, сот қабілетсіз деп тапқан адамдарға, банкротқа, мемлекетке қатысы бар дауларды шешпейді. 


Қазір арбитраждың түр-түрі бар. Олардың регламенті, яғни іс-шараның уақытын, ережесін, орны, бағасы мен медиаторды таңдау тәртібі әр түрлі. Арбитражды физикалық та, заңды тұлға да аша алады. 


Қазір жұмыс істеп жүрген арбитраждардың (төрешілер) тізімін Қазақстан Арбитраж палатасының немесе Әділет министрлігінің сайтынан таба аласыздар.


02/09/2020 11:35 4646 0

02/09/2020
11:35 4646 0

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

Уведомление