Аннексия

Әр мемлекеттің өз территориясы бар. Егер бір ел басқасының жерін күшпен иемденіп алып, менің жерім деп жарияласа, бұл аннексия деп аталады.




Аннексиялаған мемлекет онымен қоймай, басып жердің әуедегі кеңістігін, су жағалауы мен халқын да қосып алады. Тұрғындар жаңа мемлекеттің азаматтары болып, оның заңына бағынады, жаңа саяси жүйеде өмір сүреді. 


Аннексияға әлем тарихындағы ең ірі мысалдар — АҚШ-тың Техасты аннексиялауы, гитлерлік Германияның Австрия мен Чехословакияның Судет облысын иемденіп алуы, 1908 жылы Австрия-Венгрияның Босния және Герцоговенияны өзіне қосып алуы, 1939 жылы Кеңестер Одағының Балтық елдерін аннексиялауы, 2014 жылы Ресейдің Қырымды өз қатарына қосып алуы.


 


13/08/2020 19:11 3925 0

13/08/2020
19:11 3925 0

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

Уведомление