Анократия

Демократияның да, автократияның да белгілері бар саяси режим, басқаша айтқанда аралас режим. 




Ондай мемлекетте демократия сөз жүзінде ғана бар: халық сайлауы билік ауысып отыруына ықпал ете алмайды, БАҚ-тың көбі билікке тәуелді, парламенттегі оппозиция билік партиясына қарсы шыққан сыңай танытады. 


Зерттеушілер анократия петромемлекеттерге тән дейді. Петромемлекет — басты табысы пайдалы қазбадан (мысалы мұнай) түсіп отырған ел. 


Анократияның белгілері: 


— Демократия, яғни сайлау, көппартиялық жүйе, заңды оппозиция қағаз жүзінде бар; 


— Елдің саяси өміріне халықты аз араластыру (партия не кәсіподақ құру, бейбіт жиынға шығуға кедергі болу);


— Халықтың да саясатқа араласуға құлқы жоқ;


— Конституция, заңдарда бәрінің құқығы бары айтылады, бірақ өмірде дұрыс қорғалмайды; 


— Жұрт билікке сенбейді.


Аралас режимі бар мемлекеттер: Мысыр (Египет), Түркия, Индонезия, Тунис, Қазақстан, Ресей, Мексика, Әзербайжан және басқалар.


23/12/2021 15:08 2470 0

23/12/2021
15:08 2470 0

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

Уведомление