Апартеид

«Апартеид» африкаанс тілінде бөлек тұру дегенді білдіреді.


Апартеид — Оңтүстік Африка үкіметі 1948–1994 жылдары ұстанған нәсіліне қарап сегрегациялау саясаты. 




Сегрегация — адамдарды нәсіл, ұлт және басқа да белгісіне қарап бөліп-жару.


Осы саясаттың кесірінен елдің байырғы халқы — бантулар, қара нәсілділер көптеген құқығынан айырылды: ақ нәсілділерден бөлек арнайы ауданда тұрды, ол жақтан шығам десе рұқсат алуға не жұмысқа тұруға тура келді, алатын медкөмектің сапасы төмен болды, қоғамдық орындар ақ нәсілділер және қара нәсілділерге арналған деп екіге бөлінді. Бір нәсілге жатпайтындардың некелесуіне, одан қалса жыныстық қарым-қатынасқа түсуіне тыйым салынды, осы саясатқа қарсы шыққандарды түрмеге қамады.


Мұнысы үшін Оңтүстік Африка Республикасына басқа мемлекеттер санкция салды. БҰҰ апартеидті халықаралық құқық принциптерін бұзады, адамзатқа қарсы қылмыс деп бағалады. 


Мемлекет деңгейіндегі бұл алалау 1994 жылы билікке Нельсон Мандела келгеннен кейін толықтай жойылды: байырғы тұрғындар ақ нәсілділермен тең дәрежеде білім алуға, билікке сайлануға және бизнеспен айналысуға рұқсат алды. Ал саясаткер адам құқықтары саласындағы күресі үшін Нобель сыйлығын алды.



05/08/2021 16:01 3182 0

05/08/2021
16:01 3182 0

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

Уведомление