Жыл басталғалы алтыншы өлім: Абай гарнизонында әскери қызметкер қаза тапты
Қайғылы жағдай әскери техникамен жұмыс істеу кезінде болған, деп хабарлайды Masa media.
Оқиғаның мән-жайы
Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 5 наурызда болған. Келісімшарт бойынша әскери қызметші өміріне қауіп төндіретін ауыр жарақаттар алып, салдарынан көз жұмған.
«Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиға орнында құзырлы орган өкілдері жұмыс істеуде», – делінген хабарламада.
Екі айдағы бес өлім
Еске салайық, биылғы қаңтар айының өзінде Қазақстанда төрт сарбаз қаза тапты.
7 қаңтарда Шымкентте ҚР Ұлттық ұланының 6506-әскери бөлімінде әскери борышын өтеп жатқан 21 жасар сарбаздың жүрегі тоқтап қалды. Ресми түсініктеме бойынша өлімнің себебі - жедел лейкоз.
14 қаңтарда Ақтау горнизонында келісімшарт негізінде қызмет атқарған кіші сержантты әскери полигоннан бөлімшеге қайтып келе жатқан уақытында КамАЗ басып кетті. Ол оқиға орнында жан тапсырды.
23 қаңтарда Өскемен гарнизонының бір әскери бөлімінде сарбаз қарауылдық қызмет атқару кезінде өз қаруынан оқ атып, алған жарақаттан көз жұмғаны хабарланды.
27 қаңтарда Жамбыл облысында қарумен жұмыс істеу кезінде мерзімді әскери қызметтегі сарбаз көз жұмды.
Ал 17 ақпанда Ақтау гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде тағы бір сарбаз көз жұмды. Бас прокуратура тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
23:32
21
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.