Журналист Омарованың ісі: Балаева министрліктің ұстанымын айтты
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева журналист Ботагөз Омарованың ұсталуына байланысты ресми мәлімдеме жасады.
Асығыс түсіндіру, дәлелсіз қорытынды
Министр өз жазбасында кез келген құқықтық мәселеде «Заң және тәртіп» қағидаты қатаң сақталуы тиіс екенін атап өткен. Оның айтуынша, заң баршаға ортақ және барлық процессуалдық әрекеттер сыртқы араласусыз, тек белгіленген тәртіппен жүзеге асырылуы қажет.
«Мұндай жағдайларда заңда көзделген барлық рәсімдер аяқталғанға дейін асығыс түсіндіру жұмыстарын жасауға, дәлелсіз қорытындылар шығаруға және алдын ала баға беруге жол беруге болмайды», – деді министр
«Масс-медиа туралы» заң
Министр өз сөзінде жақында қабылданған «Масс-медиа туралы» заңның талаптарына да тоқталды. Ол ақпараттың дұрыстығын тексеру – әрбір журналистің тікелей міндеті екенін еске салды.
Сонымен қатар, заңнамада (68-бап) журналистерді жауапкершіліктен босататын жағдайлар да қарастырылған. Мысалы, егер ақпарат ресми сөздерден өзгеріссіз, сөзбе-сөз келтірілген болса, журналист жалған ақпарат таратқаны үшін жауапқа тартылмайды.
Министрліктің ұстанымы
Аида Балаева аталған іс бойынша шешімнің әділ болатынына сенім білдірді. Министрлік жағдайды мұқият бақылап отыр және қажет болған жағдайда өз құзыреті аясында шаралар қабылдауға дайын екенін жеткізді.
Министр оқиғаның мәнін бұрмалау немесе процесс қатысушыларын негізсіз қаралауға әкелуі мүмкін мәлімдемелерден аулақ болуға шақырды.
Еске салайық, журналист Ботагөз Омарова жалған ақпарат тарату ісі бойынша күдікке ілініп, үйқамаққа алынды.
12:18
32
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.