Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасады
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы екінші орта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасады.
Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) келіссөздерді тәмамдады. Енді Жәнібек Әлімханұлы (17 жеңіс, 12 нокаут) Данияның жеңіліп көрмеген боксшысы Якоб Банкпен (20 жеңіс, 11 нокаут) кездеседі. Олар екінші орта салмақтағы әлем чемпионы белбеуін сарапқа салады.
Бұл – Әлімханұлының мансабындағы маңызды қадам. Салмағы жоғары дивизионға ауысу әрдайым тәуекелмен байланысты. Дегенмен жеңілістің не екенін білмейтін чемпион ретінде Жәнібек үшін мұндай сыннан қашпау маңызды. Оның қарсыласы Якоб Банк те осы уақытқа дейін бірде-бір рет жеңілмеген. Сондықтан қос боксшының кездесуі жанкүйерлердің қызығушылығын тудырмақ.
Еске салайық, әлем чемпионы белбеуі британдық боксшы Хамза Шираздың Әлімханұлымен жекпе-жекке шығудан бас тартуына байланысты бос қалған.
Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly
09:40
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.