Жәмилә Бақбергенова халықаралық рейтингтік турнирде жеңіске жетті
Күрес түрлерінен Албанияда өткен рейтингтік турнирде әйелдер құрамасының көшбасшысы Жәмилә Бақбергенова топ жарды, деп хабарлайды Masa media
Қазақстандық спортшы Польша және Үндістан балуандарын, сондай-ақ түркиялық Бусе Тосунды жеңді.
72 келі салмақта сынға түскен Жәмилә 2025 жылғы әлем чемпионатында Бусе Тосунға есе жіберген еді. Қазақстандық спортшы Албанияда қарымта қайтарды.
Бақбергенова алтын жүлде үшін белдесуде қырғызстандық Нұрзат Нұртаеваны 14:3 есебімен сенімді түрде жеңді.
Жәмилә Бақбергенова – әлем чемпионатының төрт дүркін күміс жүлдегері және Азия чемпионатында төрт рет топ жарған тәжірибелі балуан.
Айта кетейік, бұған дейін дәл осы турнирде 50 келіде Зейнеп Баянова және 55 келіде Лаура Алмағанбетова жеңіске жеткен.
12:45
24
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.