Жұлдызды қонақтар мен жәрмеңкелер: Алматы қала күнін қалай тойлайды

Алматыда Қала күнін атап өтуге дайындық жүріп жатыр. 19-20 қыркүйекте мерекенің негізгі шаралары өтеді. Жалпы, ай бойы қала бойынша 300-ден астам мәдени, ойын-сауық және спорттық іс-шара ұйымдастырылады, деп хабарлайды Masa.media.


09/09/2026
11:05 0

Негізгі алаңдардағы бағдарлама

 

Астана алаңы


19 қыркүйекте балалар шығармашылық ұжымдары, D Billions және «Алматы әуендері» солистері өнер көрсетіп, музыкалық спектакль ұсынылады. 20 қыркүйекте қазақстандық эстрада жұлдыздарының концерті өтеді.

 

Панфилов көшесі – Alma Qala Fest


19-20 қыркүйекте фестиваль аясында балалар, эко, digital, кино және спорт аймақтары, фуд-корт жұмыс істейді. Басты шаралардың бірі – 200 тоннадан астам Алматы апортын сату.

 

Жібек жолы – Kitap Fest


50-ден астам баспа мен кітап дүкені қатысатын кітап фестивалі өтеді. Қонақтарға театр қойылымдары, этно-фьюжн ұжымдары мен live-бендтердің өнері ұсынылады.

 

Абай алаңы


Республика сарайының алдындағы алаңда кешкі концерттер мен мерекелік бағдарламалар ұйымдастырылады.

 

«Алатау» театры


Театр алдындағы алаңда қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен «Ән мен күйдің бесігі» концерті өтеді.

 

Аудандардағы негізгі шаралар

 

Алатау ауданы: 20 қыркүйекте «Алатау» театры алдында мерекелік концерт өтеді.

 

Алмалы ауданы: 19 қыркүйекте Сайран көлінің шығыс жағалауында концерт, спорттық жарыстар, қолөнер көрмесі, фуд-аймақ және балалар алаңы ұйымдастырылады.

 

Әуезов ауданы: 19-20 қыркүйекте Н. Сац атындағы театр алдында балалар байқауы, I Love Almaty және Jas Vibe концерттері, ретро кеш және мерекелік бағдарламалар өтеді.

 

Бостандық ауданы: 19 қыркүйекте Flow Park аумағында ұлттық спорт жарыстары, балалар суреттерінің көрмесі, Jas Fest жәрмеңкесі, концерт және DJ-сеттер ұйымдастырылады.

 

Жетісу ауданы: 19 қыркүйекте Алматы ипподромында ат жарыстары, ұлттық ойындар мен спорттық жарыстар, концерт, қолөнер жәрмеңкесі өтеді. Мұнда «Ұлы дала ойындарының» ашылуы да жоспарланған. Көкпар, құнан бәйге, жамбы ату, теңге ілу, аударыспақ және аламан бәйгеден жарыстар өтеді. 20 қыркүйекте «Гүлдер» саябағында концерт пен кино кеші ұйымдастырылады.

 

Медеу ауданы: 12-19 қыркүйек аралығында «Таза Қазақстан» акциясы, футбол турнирі, аналарды құрметтеу рәсімі, «Менің Алматым» байқауы, концерт және Терренкурда ашық аспан астындағы кино көрсетілімдері өтеді.

 

Наурызбай ауданы: 18-20 қыркүйекте №221 мектептің алаңында Alma-Fest Circus цирк бағдарламасы, 19 қыркүйекте «Алматы – менің жүрегімде» концерті өтеді. Сонымен бірге кино көрсетілімдері мен «Алматының алмасы-ай!» көрмесі ұйымдастырылады.

 

Түрксіб ауданы: 19 қыркүйекте С. Сейфуллин атындағы саябақта мерекелік шара өтсе, 20 қыркүйекте Саурaнбаев көшесінде интерактивті бағдарлама, караоке және ашық аспан астындағы кино көрсетіледі.

 

Бұдан бөлек, Қала күніне орай Алматы музейлерінде тақырыптық көрмелер, театрларда жаңа қойылымдардың премьералары өтеді. Қалада цирк бағдарламалары, байқаулар, экологиялық және қайырымдылық акциялары, сондай-ақ спорттық іс-шаралар ұйымдастырылады.

 

фото: iapn.kz

Поделиться

Нет комментариев.

09/09/2026 11:05
0

Уведомление