ЖИ-контент үшін айыппұл: Екі күннен кейін жаңа заң күшіне енеді
16 қаңтардан бастап Қазақстанда жасанды интеллект туралы заң күшіне енеді.
Контент қалай таңбалануы тиіс?
Заңдағы басты нормалардың бірі ЖИ көмегімен жасалған контентті міндетті түрде таңбалауға қатысты. Таңбалау талаптарын орындамағандар ірі көлемде айыппұл арқалайды, бұл заңнамалық актіде нақты көрсетілген.
Контенттегі таңбалау машина оқи алатын форматта болуы тиіс, яғни оны бағдарламалар мен цифрлық жүйелер автоматты түрде танып, анықтай алуы қажет. Мұндай белгі болмаған жағдайда әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Бұл талап Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне енгізілген.
Айыппұл мөлшері қанша?
- Жеке тұлғаларға – 15 айлық есептік көрсеткіш (2026 жылы – 64 875 теңге);
- шағын бизнес субъектілері мен коммерциялық емес ұйымдар үшін айыппұл – 20 АЕК (86 500 теңге);
- орта бизнеске – 30 АЕК (129 750 теңге);
- ірі бизнеске – 100 АЕК (432 500 теңге).
Егер бір жыл ішінде бұл талап қайтадан бұзылса, жаза күшейтіледі. Мұндай жағдайда жеке тұлғалар 30 АЕК (129 750 теңге), шағын бизнес пен коммерциялық емес ұйымдар 50 АЕК (216 250 теңге), орта бизнес 70 АЕК (302 750 теңге), ал ірі бизнес 200 АЕК (865 000 теңге) көлемінде айыппұл төлейді.
Авторлық құқық
Заңда қамтылған тағы бір мәселе – авторлық құқық. Жасанды интеллект көмегімен жасалған туындылар тек оларды жасау барысында адамның шығармашылық үлесі болған жағдайда ғана авторлық құқықпен қорғалады. Ал егер мәтіндік сұраулар (промпттар) зияткерлік қызметтің нәтижесі болып саналса, олар да авторлық құқық объектісі ретінде танылады.
09:48
38
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.