Популярные тэги

ЖИ-дің арқасы: Қытайда миллиардерлер саны рекордтық көрсеткішке жетті

Hurun Group ұйымының кеше жарияланған есебі бойынша миллиардерлер елі атағы қайтадан Қытайға бұйырды, деп хабарлайды Masa media.


06/03/2026
11:18 13 0

Hurun Global Rich List-тің соңғы нұсқасы бойынша әлемдегі 4020 миллиардердің 1110-ы – қытайлық. Яғни бір жылда Аспан асты еліндегі байлардың саны 287 адаммен толыққан. Осылайша Қытай 1000 миллиардері бар АҚШ пен 308 бақуатты тұрғыны бар Үндістанды басып озды. 

 

Hurun Group мамандары бұл елде миллиардерлердің көбеюін қор нарығының өсуімен және жасанды интеллектінің дамуымен байланыстырады. Мәселен, Қытайдың жаңа миллиардерлері қатарына 3,6 миллиард долларлық байлығымен MiniMax компаниясынан Янь Цзюньцзе және 1,2 миллиард доллары бар Knowledge Atlas Technology-дан Лю Дебин бар.

 

Сарапшылар бүкіл әлем бойынша ЖИ-мен байланысты компанияларда барлығы 114 миллиардер жұмыс істейтінін, олардың 46-сы байлардың тізіміне алғаш рет кіргенін айтады.

 

Hurun Global Rich List-тің алғашқы үштігіне Илон Маск (792 миллиард доллар), Джефф Безос (300 миллиард доллар) және Ларри Пейдж (281 миллиард доллар) кірді. Маск байлығы 700 миллиард доллардан асатын алғашқы адам.

 

Поделиться

Нет комментариев.

06/03/2026 11:18
13 0

Уведомление