Жезөкшелікке қатысты күдік: Балиде Қазақстан азаматы ұсталды

Индонезияның Бали аралында вилланы тексеру кезінде Қазақстан азаматы ұсталды.


20/09/2026
12:10 0

Не үшін ұсталды?

 

Тексеру Умалас ауданындағы виллалардың бірінде жүргізілген. Иммиграциялық қызмет мәліметінде қазақстандықтың аты-жөні AS деп көрсетілген. Виллада онымен бірге Ресейдің үш азаматы болған.

 

Индонезияның иммиграциялық қызметінің мәліметінше, төрт әйелдің де елде уақытша тұруға рұқсаты болған. Алайда Қазақстан азаматына қатысты нақты қандай заңбұзушылық күдікке ілінгені хабарланбады.

 

Жезөкшелікке қатысты күдік

 

Умалас, Семиньяк және Чангу аудандарындағы рейдтер барысында барлығы 13 шетелдік – 12 әйел және бір ер адам ұсталған.

 

Рейд шетелдіктердің елде тұруға берілген рұқсаттарды жезөкшелікке байланысты қызметте пайдалануы мүмкін деген күдікпен жүргізілген. Иммиграциялық қызмет бұл ақпарат жергілікті тұрғындардың шағымдары мен интернеттегі мәліметтерді тексеру нәтижесінде алынғанын хабарлады.

 

Сонымен қатар ведомство Қазақстан азаматының мұндай қызметпен айналысқанын мәлімдеген жоқ.

 

Қазақстандыққа қандай жаза болуы мүмкін

 

Ұсталған шетелдіктердің барлығы қазір тексеруден өтіп жатыр. Нгурах-Рай иммиграциялық басқармасының басшысы Мухамад Новьяндридің айтуынша, тексеру нәтижесіне қарай депортациялау, бес жылға Индонезияға кіруге тыйым салу немесе қылмыстық іс қозғау мәселесі қаралуы мүмкін.

 

Қазақстан азаматына қатысты әзірге нақты шешім жарияланған жоқ. Қазіргі уақытта Қазақстан Сыртқы істер министрлігі бұл жағдайға қатысты түсініктеме берген жоқ.

 

Фото: Индонезияның иммиграциялық қызметі

Поделиться

Нет комментариев.

20/09/2026 12:10
0

Уведомление